Төлем 2505 қысқа нөміріне көлік коды немесе мемлекеттік нөмірі бар SMS-хабарлама жіберу арқылы (көлік коды көрсетілген жапсырмалар болған жағдайда) немесе SMSBUS Passenger мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақ тілін таңдау үшін 2505 деген нөміріне КАЗ деп теріп жіберу керек, орыс тілін таңдау үшін РУС деп теріп жібересіз
2505 қысқа нөміріне SMS жіберу құны - 0 теңге (ақысыз)
Нұр-Сұлтан және Қызылорда қалаларында қоғамдық көліктерде қолма-қолсыз жол жүру ақысы 90 теңге, Нұр-Сұлтан қаласындағы экспресс автобустарда - 180 теңге, Алматы, Орал, Талдықорған және Ақтөбеде - 80 теңге, Шымкентте - 70 теңге. Нұр-Сұлтан қаласының маңында жолаушыларды тасымалдау аймағына және келу аймағына байланысты (№1 аймақ - 90 теңге, №2 аймақ - 200 теңге, № 3 аймақ - 300 теңге, № 4 аймақ - 400 теңге).
Электрондық билетті жолаушы SMS немесе SMSBUS Passenger мобильді қосымша арқылы алады. Электрондық чек нөмірі QR код түрінде көрсетіледі.
Жолаушы электронды билетті сапардың соңына дейін сақтап, жолу жүру төдемін тексеру үшін бақылау қызметіне автоматты түрде сканерлеуді ұсынуы керек.
2505 қысқа нөміріне SMS хабарлама жолдаған жайда жолаушы smsbus қызметін пайдалану ережелерімен келіседі.
Корпоративтік нөмірлерден төлем өтпейді.
Жолаушылар төлемнің альтернативты әдістерін қолдана алады- несие картамен немесе Kaspi.kz арқылы төлей алады. Smsbus мобильді қосымшасын орнатыңыз.
Банк картасы Халық банкінің ePay жүйесінде бір рет тіркелуі керек. Тіркелу үшін «Банк картасын тіркеу» түймесін басыңыз.
Электрондық билетті алу үшін Homebank қосымша арқылы жол жүру ақысын төлейтін жолаушылар «Электрондық билет» ашып, «Homebank» -те көрсетілген ұялы телефон нөмірін және банктік картадағы соңғы 4 санын енгізу керек.
SMSBUS Passenger мобильді қосымшасында сіз қызметтердің сапасын, көлік жағдайын бағалай аласыз, пікірлер мен шағымдарды жібере аласыз. Барлық рейтингтер мен шолулар талданады және тиісті шаралар қабылданады. Дереу тасымалдаушы жүйеде дереу көрсетіледі.